«НАУРЫЗ BATTLE». Аймақтың басты арнасы ұлыстың ұлы күні қарсаңында аспаздар сайысын өткізді. Телевизиялық жобада бармағынан бал тамған шын шеберлер сынға түсті. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Мұндай жоба аймақ телевизиясында бұрын-соңды болмаған. Төларна тұңғыш рет тыңнан түрен салып отыр. Жоба ұлыстың ұлы күн қарсаңында ұлттық тағам түрлерін насихаттап, аспаздық өнердің қыр-сырын көрерменге паш етуді көздейді.

 НҰРБЕК ӘМИША – QYZYLORDA ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ наурыз мерекесі болғаннан кейін өзіміздің дәмдерімізді көрсету, өзіміздің ұлттық кулинариямызды көрсету. Жақсы дәстүрлердің бар екенін көрсету.

 Жобаны іске асыруға «Қыз Жібек» групп компаниясы қолдау көрсетті. Белгілі кәсіпкер Ерлан Раимовтың сөзінше, бүгінде бармағыннан бал тамған аспаздарға сұраныс жоғары. Отыз жылдан бері мейрамхана бизнесімен айналысқан ол аймақта білікті аспаздардың аз екенін айтады. Сондықтан, мамандар сырттан келетін көрінеді. Кәсіпкер осы олқылықтың орнын толтыру үшін телевизиялық жоба таптырмас алаң екенін айтады.

 ЕРЛАН РАИМОВ - «РАИМ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ // жалпы, Қызылорда бойынша, жақсы ас жастарымыздың арасында аспазшыларды таңдап, ең мықтыларды өзімізге жұмысқа тартуға сондай оймен іс-шара жасап жатырмыз.

АНДРЕЙ ЮГАЙ – КӘСІПКЕР әр ресторанда, әр кафеде ең маңыздысы кухния. Тағамдары. Тағам әдемі болса, қонақтар келе бастайды. Дәл қазір Қазақстан бойынша жақсы аспаздардан проблема бар. Жетпей жатыр. Сол үшін бүгінгі шара өте жақсы іс-шара. Өйткені, осы профессияға жақындауы керек.

 «НАУРЫЗ BATTLE»-ға іріктеу осыдан бір ай бұрын басталды. Бірінші кезеңге қатысуға 65 аспаз өтінім білдірген. Соның 30-ы екінші кезеңге жолдама алды. Ал, 12 аспаз ақтық кезеңге өтті. Ең қызығы, қатысушылардың дені - жігіттер. Олар біріншіге ыстық тағам, екіншіге тіскебасар, үшінші кез келген салат түрін дайындап, қазылар алқасына ұсынды.

Аймақтың басты арнасы ұйымдастырған наурыз батлл 6 сағатқа созылды. Кіл мықтыдан, кім мықты болды? Оны 22 наурыз, ұлыстың ұлы күні біле аласыздар. Сондықтан төріңізде төл арна қосулы болсын!