Биыл қаланың шет аймағында орналасқан 16 көше қайта күрделі жөндеуден өтпек. Бұл бастамаға бюджеттен 1,5 млрд теңгеден астам қаржы қаралған. Қазіргі күні 5 көшеде тас төсеу, тегістеу жұмыстары басталып кетті.
Солардың бірі – Ақбасты көшесі. Жаңбыр жауып, жер лайланса тұрғындардың жүріп-тұруы қиынға соғатын. Енді бұл мәселе де биыл шешімін таппақ. Қазіргі таңда мердігер мекеме көшені тегістеп, тас төсеу жұмыстарын жүргізуде. Дәл осындай қызу тірлік Хамит Әбенов көшесінде де жүріп жатыр. Мамандардың есебінше, 16 көшедегі қайта жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, көшелер кеңейіп, көше бойы толықтай жарықтандырылады. Мұндай үлкен жобаларды жүзеге асыруда сапа, тәртіп және жол құрылысы заңдылықтарының сақтау маңызды. Жергілікті билік мердігерлерге осындай талап қойып отыр.