Кадрлық өзгеріс. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды. Енді бұл қызметті бұған дейін қала әкімінің орынбасары болған Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлы атқарады.
ҒАЛЫМЖАН ЕРКЕБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ғалымжан Бақтығалиұлы еңбек жолын «Шаған» агрофирмасында бастаған. Әр жылдары Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдерінде жетекші маман, бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, «Мемлекеттік қала құрылыс кадастры» мекемесі филиалының директоры, Қазалы, Сырдария ауданы әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары болып абыройлы еңбек етті. Ал, 2022 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Нұрлыбек Нәлібаев басқарманың жаңа басшысын облыс активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ \Әріптесіміз мемлекеттік қызметте, басшылық лауазымдарда мол тәжірибе жинаған. Жаңа қызметіне байланысты бірқатар міндет жүктеледі. Мемлекеттік орман қоры аумағында өрттің алдын алу және оған қарсы күрес жоспарын жүзеге асыру, орман және су қорын, жануарлар дүниесі мен балық ресурстарын қорғау, өсімін молайту, тиімді пайдалану өте маңызды. Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл көшетін егу, тұқым себу жұмыстары да жүйелілікті талап етеді. Елді мекендердегі қоқыс полигондары мен сұрыптау кешендеріне қатысты жалпы жұмысты үйлестіріп, жаңадан жоспарланған полигондар құрылысының экологиялық талапқа сәйкестігін қамтамасыз етуді тапсырамын\