#qyzylordatv#news #қызылорда #жаңалықтар #дрон

Сырдың сол жағалауынан бой көтерген оқушылар сарайында халықаралық дронрейсинг конкурсының аймақтық кезеңі ұйымдастырылды. Сайысқа 40-тан астам талапкер қатысып, үздік атанған 3 жеңімпаз ақтық кезеңге жолдама алды.

Шыны керек, сапалы видео түсіре білу бүгінгі күннің басты талабы. Оның ішінде айналаның ажарын әуеден әдемі көрсету кәсіби машықты қажет етеді. Осы орайда «Aitu KazRoboDrone» сайысы дрон ұшыруға икемді жастардың шеберлігін шыңдау мақсатында қолға алынып отыр. Байқау барысында талапкерлер симулятор көмегімен белгіленген тапсырмаларды жылдам орындауға тырысты. Жалпы бұл дода үшінші сәуір күні басталған. Қазір еліміздің әр аймағында іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Ал, байқаудың ақтық кезеңі 20-шы маусымда Астана қаласында ұйымдастырылып, үздік дрон ұшырушылар қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

ЗАРИНА ҚҰТПАНОВА – ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ / Онда көптеген компаниялардың қатысуымен үлкен бір той секілді өткізгелі отырмыз. Қазақстанда шығарылатын дрон команиялары мен жобаға демеушілік жасаған құрылымдар қатысады.../

 МӘДИ ХАСАНҒАЛИҰЛЫ – ҚАТЫСУШЫ /Мен дрон үйірмесіне 2 жылдай қатыстым. Осы уақытқа дейін көптеген тәжірибе алдым. Қазір осы керемет жарыста өзіммен қатар балалармен бірге жарысып жатырмыз. Алдағы уақытта мен шеберлігімді әлі де шыңдап, үлкен жетістікке жетемін деген ойдамын/