Елімізде әбден тозығы жеткен коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту үшін 11 трлн теңге қажет. Үкімет алдағы 5 жылда бұл мақсатқа 6,8 трлн теңге инвестиция тартуды көздеп отыр. Бұдан бөлек, біртіндеп тариф бағамын өсірмек. Бұл қаражат жұмысшылардың жалақысы мен өндірістік шығындарды ішінара өтейді. Толығырақ тілші материалында
Коммуналдық тариф Қазақстанда ғана емес, әлем елдері бойынша қымбаттап жатыр. Оған инфляцияның өсуі, жұмысшылардың жалақысы мен өндірістік шығындардың артуы себеп. Сондай-ақ, инженерлік желілердің көбі ескі. Оны жөндеу мен жаңартуға қомақты қаражат қажет. Салық кодексі, экологиялық және еңбек қауіпсіздігі талаптарының өзгеруі де тарифке әсер етпей қоймайды. Сарапшылар бүгінде субсидияға иек артып отырған кәсіпорындар жұмысын жандандырудың жалғыз жолы әзірге осы деп есептейді.
САПАРБАЙ ЖОБАЕВ - ЭКОНОМИСТ
// Коммуналдық төлемдер бұл нарыққа өтуіміз керек. Сонда олардың ынтасы, олардың өндіруге деген жаңа модернизация көбірек болады. Ал егер де біз оларды субсидиямен төмендете беретін болсақ, ол жерде жұмыс істейтін адам болмай қалады. +себебі айлық төмен, тариф төмен. //