#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #әскер #шақыру

Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны жүруде. Бұл кезеңде Сыр өңірінен 800-ге жуық бозбала Қарулы күштер қатарын толықтырмақ. Осыған орай, облыстан 14 жас Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге аттанды. Жергілікті әскери комиссариат ел қорғаны болар буынды игі дәстүрге сай салтанатты түрде шығарып салды.

 Көктемгі әскерге шақыру науқанында қарулы күштер қатарына шақырылғандардың бірі сырдариялық Абылайхан Қадырхан. Ол Отан қорғау әрбір жігіттің парызы деп біледі. Енді міне, 18 жастағы бозбала балалықпен қоштасты.

 Жалпы көктемгі әскерге шақыру науқанында қызылордалық жастар елдегі 3 әскери құрылымды толықтырады деп жоспарлануда. Бұл жолғы лекпен Астанадағы «Айбын» Президенттік полкін толықтырады. Ол үшін жас сарбаздар арнайы іріктеуден өткен.

 Ерекшелігі сол сарбаздар әскерге әдеттегідей тағзым алаңынан емес бұл жолы «Достық» үйінен аттанды. Ал, салтанатты іс-шара барысында рухты әндер айтылып, жастарды жігерлендіре түсті.