Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында кеңес мүшелері күн тәртібінде ұсынылған бес мәселені жан-жақты талқылап, тиісті шешім қабылдады. Сондай-ақ, кеңесте бірнеше саланың атқарылған жұмыстары сараланып, алдағы жоспар пысықталды.
Басқосуда алдымен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі басшысының орынбасары Дархан Пірәлиевтің тәртіпті ісі қаралып, Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылданды. Мұнан бөлек, кеңес отырысында облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикалық бағытында атқарған жұмыстарының қорытындысы, сондай-ақ, табиғи монополияларды реттеу комитеті облыс бойынша департаментінің және Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің әдеп жөніндегі уәкілдерінің атқарған жұмыстары тыңдалды.
Күн тәртібінде былтырғы жылдың қорытындысымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне сыйақы беруде жүргізілген талдау қорытындылары да қаралды. Нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңеспен мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар енгізілді.