Қазіргі технократтық дәуірде ұлан-ғайыр жеріміздің бір қаласынан екінші қаласына жету ұшақ үшін түк қиын емес. Қорқыт ата әуежайы 1 мамырдан бастап жаңа әуе бағыттары ашуда. Енді Шымкент, Ақтөбе, Орал қалаларына бір сағат ішінде жетесіз.

 Аймақтағы ірі инвестжобаның бірі құны 20 млрд теңгеден асатын Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы. Жаңа терминал жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Айтпақшы, әуежай жанынан жаңа арнайы экономикалық аймақ құрылмақ. Ал, жаңа әуе бағыттары Сыр елін көршілес Шымкент, Ақтөбе, батыстағы Орал қалаларымен жалғамақ. Бұл игіліктің басы ғана екен, жоспарда жаңа халықаралық бағыттарды қамту жағы да тұр екен.

 Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе-Орал бағыты бойынша сәрсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рет, ал, Орал-Ақтөбе-Қызылорда-Шымкент: дүйсенбі және бейсенбі күндері аптасына 2 мәрте ұшады. Билеттерді «Южное небо» әуекомпаниясының ресми веб-сайтынан, сондай-ақ билет сататын операторлардан және авиакассалардан алуға болады. Сапарларыңыз сәтті болсын!