#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #елкубогы #велоспорт #спорт
Қызылордада ересектер мен жасөспірімдер арасында велоспорттан Қазақстан Республикасы кубогы басталды. Жалпы жарысқа 13 команда мен 100-ден астам спортшы қатысуда.
Жарыс 13 сәуірге дейін жалғасады. Жасөспірімдер ұлдар мен қыздар арасында сайысқа түседі. Әр команда құрамында 6 спортшыдан. Жалпы велоспорт жастар арасында кеңінен танымал. Қызылордада бұл спорт түрімен 3000-нан астам адам айналысады. Ел кубогының ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов спортшыларға сәттілік тіледі. Іс-шараға Қазақстан велоспорт федерациясының өкілдері мен спорт ардагерлері қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.
ШАХМАРДАН БАЙМАНОВ - ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ //Біз қуанамыз, осындай республикалық деңгейдегі жарыстар Қызылорда өңірінде өтіп жатса, осындай жарыстарда біз өз тарапымыздан әркез қолдау көрсетеміз, білдіреміз. Өйткені бұл тек қана 1-ақ турнир емес, жақын арада бізде халықаралық деңгейдегі грек-римнен жарыстар өтеді.//
РАХАТ НҰРХАН – ҚАТЫСУШЫ / АТЫРАУ ОБЛЫСЫ //Атырау облысынан келіп тұрмыз, біздің қаладан 2 юниор қатысады. Қалаға 6 адам болып келдік. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін.//