#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #құнсалығы#мәжіліс
Мәжілісте жаңа салық кодексі жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Қосылған құн салығының шекті мөлшері ұсынылып, әркім өз кірісіне сай салық төлейді деген шешім қабылданды. Қосылған құн салығының шегі 40 миллион болып бекітілуі шағын бизнес үшін біршама жеңілдік. Сондықтан Сыр өңірінің кәсіпкерлері мәжілісте мақұлданған өзгерісті оң бағалап отыр.
Осыған дейінгі талап бойынша қосылған құн салығының жылдық тауар айналымы айлық есептік көрсеткіштің 20 мың еселенген мөлшерін құрайтын сомаға жеткен кәсіпкерлер ғана төлейтін. Бұл қазір шамамен 78 млн теңге. Ал жаңа салық кодексін талқылау басталған тұста үкімет жылдық тауар айналымы 15 млн теңгеден асатын кәсіпкерлерге де салық салу бастамасын көтерді. Дегенмен, бұған бизнес өкілдері мен экономист-сарапшылар түбегейлі қарсы болды. Сондықтан бұл талаптың қисынсыз екені парламент қабырғасында ашық айтылып, біршама депутат қарсылық білдірді. Осылайша шағын бизнес өкілдерінің талабы ескеріліп, қосылған құн салығының шегі 40 млн теңге болып бекіп отыр. Бұл жаңалықты естіген өңір кәсіпкерлері «бұл бізге айтарлықтай сеп», дейді.