#qyzylordatv

Мәлік Нұржанұлының Сыр өңіріндегі сапары «Анаға тағзым» орталығында қорытындыланды. Мешіт имамдарымен жүздескен Президент кеңесшісі ішкі және сыртқы тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Елдегі оң бастамаларға тоқталып, ұлттық құндылықты сақтау, тарихи тұлғалардың ерлігін дәріптеуді ұсынған Мәлік Отарбаев соңғы жылдары дін өкілдері арасында болған түрлі жағдайларды талдап, өзіндік пайымын жеткізді.

 Тіл мәселесі мен ата текті сақтау әрбір жас буынға берілетін тәрбиеден тыс қалмауы қажет. Осы тұста Президент кеңесшісі келер жылы Ұлттық құрылтайдың V отырысының Сыр елінде ұйымдастырылатынын ерекше атап өтті. «Алашқа ана атанған Сыр өңірінде мұндай ауқымды жиынның өтуі – айрықша жауапкершілік. Бұл – еліміздің болашағын айқындайтын, елдік мүддені биікке көтеретін алаң», – деді Мәлік Нұржанұлы.

 Кездесу барысында білім беру мазмұнын жаңғырту, жас ұрпақты жаһандық өзгерістерге бейімдеу, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беру мәселелері де қозғалды.

МӘЛІК ОТАРБАЕВ - ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ

// Қызылорда біздің еліміздің, мемлекетіміздің дамуындағы бірден-бір өзінің орны бар өңір. Шын мәнісінде мемлекеттің тағдырына ықпал ететін аймақтың бірі. Сондай бір қиын кезеңдерде қазақ дейтін атауға қазақ дейтін атау біздің тұттас болмысымызды.//