#qyzylordatv
Енді шетелдік легионерлерге бюджет ақшасы төленбейді. «Самұрық-Қазына» секілді квазимемлекеттік субьектілер де оларды қаржыландыра алмайды. Президент дене шынықтыру және спорт саласын дамыту саясатын жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды.
Бұдан былай бюджет қаражаты тек төрт бағытқа яғни, жоғары жетістіктер спортына, мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметіне, бұқаралық спортқа және спорттық инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады. Спорт федерацияларын аккредиттеуге қатысты ережелер де жетілдірілді. Енді олар ұлттық және жергілікті болып бөлінеді. Заңға «спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары» ұғымы енгізіледі. Оған сәйкес спортшылардың бойына дәстүрлі құндылықтарды сіңіруді көздейтін бірыңғай даярлау стандарты әзірленбек.