#qyzylordatv

Қала әкімі Нұржан Ахатовтың өкімімен қала әкімінің орынбасары лауазымына Бақытжан Омаров тағайындалды. Шаһар басшысы жаңа орынбасарын кадрлық өзгерістерге байланысты өткен актив отырысында таныстырды.

 БАҚЫТЖАН ОМАРОВ – ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Диктор кадр сыртында: Омаров Бақытжан Бауыржанұлы 1987 жылы дүниеге келген. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар», «Журналистика» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясында редакторлықтан бастап, 2009-2012 жылдары аралығында осы корпорацияда түрлі қызметтерді атқарған.

    2012-2025 жылдары Түркия мемлекетінің Анкара қаласындағы телерадиокорпорациясында жаңалықтар жүргізушісі, «Хабар-24» телеарнасының бас редакторы, Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Түрксой ұйымындағы өкілі болып еңбек еткен. 2025 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді. «Бақытжан Бауыржанұлы – журналистика, қоғаммен байланыс салаларында және мемлекеттік қызметте жемісті еңбек еткен тәжірибелі маман. Сондықтан әлеуеті жоғары кадр ретінде өз жұмысын кәсіби деңгейде атқарады деп сенемін», – деді қала әкімі.

НҰРЖАН АХАТОВ — ҚАЛА ӘКІМІ / Біз осы жаңа қызметте қалада енді өзіңіз де білесіз қоғамдық саяси ахуал тұрақты. Дегенмен біраз атқаратын, ұйымдастыратын жұмыстар бар. Сіздің салаңыз енді қоғамдық даму, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және мәдениет, дене тәрбиесі және спорт, тілдерді дамыту бөлімдері бойынша осы салаларға жетекшілік жасайсыз. Алдағы осы саладағы жасайтын жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз, абырой тілейміз. Өзіңізбен бірге жақсы жетістіктерге қол жеткіземіз деген ойдамын.

Диктор кадр сыртында: Ал бұған дейін қала әкімінің орынбасары болған Ғалымжан Еркебай облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына ауысуына байланысты атқарып отырған қызметінен босатылған. Шаһар басшысы актив отырысында Ғалымжан Бақтығалиұлының өзіне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде атқарып, қаланың құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларының дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдіріп, «Құрмет грамотасын» табыстады.