#qyzylordatv

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жиында өңірде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының жай-күйі және жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Бүгінде аймақта құрылыс саласына қатысты бірқатар маңызды жобалар жүзеге асып жатыр. Нұрлыбек Нәлібаев жауапты сала басшылары мен қала, аудан әкімдеріне ел игілігі үшін салынып жатқан нысандарды мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, тазалық мәселесі күн тәртібінен түспеу керек. Барлық елді мекенде санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, көркейту-көгалдандыруға басымдық беру керек, - деді аймақ басшысы.