#qyzylordatv

Облыс орталығында жастарға арналған «Start Up Самғау» бизнес-лагері ұйымдастырылды. Арнайы мамандар қатысушыларға 2 күн бойы шеберлік сағатын өткізіп, бизнес жоспарларына талдау жасап берді.

 РУСЛАН ҚАЮПОВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Кез келген нәрсе осындай стартаптан басталады. Бұл бірінші кезекте нетворкинг. Яғни, бір-бірлеріңізбен таныс, байланыста болып, болашақта жасайтын жобаларыңыз болсын, бизнес болсын соны осы жерден бастап серіктес, әріптес болатын дүние деп ойлаймын.

«Стартап Самғау» бизнес лагерінде өңіріміздің әр ауданынан келген 50-ден аса қыз-жігіт 10 командаға бөлініп, бизнес идеяларын ортаға салды. Олардың қатарында пробация есебінде тұрған, мүгедектігі бар және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар бар.

ВЕНЕРА НАРТАЙ - БИЗНЕС-ТРЕНЕР «Жастар келгенінің өзі маған мотивация болды тренер ретінде. Результат болғанын қаладым. Соңына дейін барлық маркетинг, стратегия, анализ қалай жасау, бизнес жоспар құруды түсіндіріп, түбіне дейін жеткізіп и соңында жаңа жобаларын ұсынып, қорғаған кезде барлығы жоғары деңгейде болды. өте мықты жобалар болды».

 Қатысушылар сұлулық салоны, дүкен, ұлттық тағамдар желісі мен автокөлік майларын жасап шығару секілді жобаларын ұсынды. Бизнес идеяларды арнайы комиссия мүшелері сарапқа салып, ең үздік деп танылған 5 жоба жүлделі орындарды иеленді. Арнайы номинациялар да болды.

НАРЗОЛЛА ДӘМЕЖАН - ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ «Біздің жобамыз әлем бойынша әрбір көлік иесіне пайдасын тигізетін яғни, салқындатқыш антифриз, тосол деп айтылады ғой. Соны өзіміздің Жаңақорған ауданында өндірсек деген болатынбыз. Соны 1 сағаттың шінде қорғаған өз еңбегіміз деп есептеймін. Инвестор тапсақ бұл жобаны бастап кету ұзақ уақытты алмайды. 3 айдың ішінде іске қосуға болады.

 «Стартап Самғау» лагері - бизнеске бастар алғашқы саты. Алдағы уақытта жеңімпаз жобалар инвесторларға ұсынылып, жүзеге асуға мүмкіндік алады. Ал, іс-шараны ұйымдастырушы қоғамдық даму басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы және «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі.