#qyzylordatv

Руханият әлемінен ақпар. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Елубай Әуезов Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығымен марапатталды. Сонымен қатар, Махмұтбай Әміреев, Сайлаубай Жұбатырұлы, Бегімбай Ұзақбаев, Қаршыға Есімсейітова сынды қарымды қаламгерлер «Қазақстанның құрметті жазушысы» атағына ие болды.

Қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген шығармашылық өкілдері Алматы қаласында өткен Қазақстан Жазушылар одағының дәстүрлі жыл қорытындысында марапатталды. Жиында Жазушылар одағының қатарына жаңадан қабылданған қаламгерлерге мүшелік билет табысталды. Олардың арасында Сыр өңірінің ақын-жазушылары да бар. Түрлі тақырыпта қалам тербеп жүрген руханият жанашырлары үшін бұл үлкен қуаныш. Қазақстан Жазушылар одағының облыстағы өкілі Қаршыға Есімсейітова одаққа қабылданған қаламгерлерді құттықтап, оларға үлкен сенім артылып отырғанын жеткізді.

ҚАРШЫҒА ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ОБЛЫСТАҒЫ ӨКІЛІ \Қызылорда облысында отызға жуық Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болса оған тағы да сегіз одақ мүшесі қосылды. Бұрын проза, поэзия, драматургия жанрлары алға шығып жаста, қазіргі кезде сын тақырыбына, сатираға көбірек көңіл бөлу мәселесі тұр. Бүгінді одаққа мүше болып жатқан қаламгерлерден үлкен үміт күтеміз\