#qyzylordatv

Қайғылы оқиға. Қызылордада мектеп оқушысы суға кетіп, ажал құшты. Оқиға 3 мамыр күні сағат 13:25 шамасында қала шетіндегі каналдардың бірінде болған.

 Тасбөгет кентінде тұратын 11 жастағы бала жақын маңдағы каналға шомылуға барып, соңы қайғылы жағдайға ұласқан. Ол қаладағы жеке мектептердің бірінің бесінші сыныбында оқитын көрінеді. Құтқарушылар су астындағы іздестіру жұмыстарының нәтижесінде баланың денесін кеше түс шамасында тапқан. Қазіргі уақытта оқиға қатысты мән-жайлар анықталуда.

 БЕЙБІТХАН СПАНОВ - ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

//2014 жылғы бала суға түсуге өзі бейімделген. Тасбөгет кентінде екі мост бар сол жерде бала өзі суға түсуге бейімделген. Сталинск каналының ағысы өте күшті. Бір тәуліктен аса құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізді. Кеше құтқарушылардың көмегімен денесін алып шықты. //