#qyzylordatv
Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясов ауылында Жеңіс күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Тұрғындар Тағзым алаңына гүл шоғын қойып, Отан үшін от кешкен майдангерлерді еске алды, шейіт болған боздақтардың рухына құран бағыштады.
Жер жаһанды дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғысқа Сырдария ауданынан бес мыңға жуық азамат қатысқан. Олардың екі мыңнан астамы майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Отан үшін от кешіп, Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқандардың қатарында Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясов та бар. Ол 1942 жылы Сталинград майданында 152-атқыштар бригадасының жеке артиллерия дивизионының барлаушысы ретінде ұрысқа кіреді. Ал, екінші Украина майданында бөлім командирі ретінде фашистермен соғысады. Қазақ жауынгері 1944 жылдың 5 желтоқсанында Будапешт операциясына қатысады. Алғашқылардың бірі болып Дунай өзенінің оң жағалауына жүзіп өтіп, кескілескен шайқаста асқан ерлік көрсетеді. Міне, фашистік басқыншыларға қарсы күресте жауынгерлік тапсырманы үлгілі орындағаны және көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін Нағи Ілиясовқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
ТӨРЕБЕК ЖҰМАБЕКҰЛЫ, Н.ІЛИЯСОВ АУЫЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ \жел қайықпен арғы бетке бес адам өтіп, оқ тиген қайықты шинелдерімен тығындап өткен. Бесеуі немістердің апыр-топырын шығарғанғой ойда жоқта. .....\
Кейін Венгрияның Будапешт қаласындағы көшелердің біріне Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясовтың аты берілді.
АЛМАГҮЛ НАҒИҚЫЗЫ, Н.ІЛИЯСОВТЫҢ ҚЫЗЫ \Біздерге мұра етіп тек жақсы атын қалдырды. Жалғыз біздің әкеміз батыр емес соғысқа қатысып, шейіт болған, аман есен оралғандардың бәрі батыр. Бірақ әкеміздің ерлігі, орны бөлек. Адалдықты, халыққа қызмет ету керек деген қағиданы ұстанды. Бізге сол тәрбиені берді. ...\
Қазақ қаһарманы соғыс аяқталған соң 1945 жылдың 24 маусымында Мәскеуде өткен Жеңіс күніне арналған парадқа қатысқан. Сонан кейін туған жерге оралып, елдің дамуы жолында еселі еңбек етті.
НҰРМАҒАНБЕТ ҚУАНДЫҚОВ, СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ \Бұл ауыл 1966 жылы №1 күріш совхозы болып ашылған. Сол ауылдың алғашқы директоры Кеңес Одағының батыры Н.Ілиясов болған. 1920 жылы Қызыл комуна деген жерде туған, осыжерде өскен......... \
Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясовтың туғанына биыл - 105 жыл. Атаулы датаға орай ауылдық мәдениет үйінде еске алу шарасы ұйымдастырылып, майдангердің ерлік істері дәріптелді.
Жиында Нағи Ілиясовтың 1971 жылы жарыққа шыққан кітабы қайта өңделіп, тұсауы кесілді. Онда күріш совхозының тарихы, Сыр салысын егудің ғылыми негіздері жазылған. Майдангер өзінің жа第-баларында «тағдыр маған үш бақыт, үш өмір» сыйлады деген болатын. Жеңіс күні қарсаңында батыр ұрпақтары әке есімін жаңғыртып, игі істің ұйытқысы болды. Бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған соғыс ардагерінің есімі ешқашан ұмытылмайды.