#qyzylordatv

Спорт журналисі Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған шағын футболдан республикалық турнирден жеңіспен оралған қаламгерлерді қала әкімі Нұржан Ахатов қабылдады.

«Ақмешіт» футбол командасын жарқын жеңісімен құттықтаған Нұржан Сәбитұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне алғысын білдірді. «Бұл жеңіс Қызылорда қаласының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында зор маңызға ие болып отыр. Сіздер журналистика саласында ғана емес, спортта да серпінді қадам жасадыңыздар. Доп додасында дарабоз атанып, мерейімізді асыра білдіңіздер. Бұл – ортақ абырой. Жеңістеріңіз құтты болсын! – деп ізгі тілегін жеткізді. Алматы қаласында еліміздің әр өңірінен 14 команда қатысқан турнирде Сыр елінің үмітін арқалаған «Ақмешіт» футбол командасы топ жарып, бас жүлдені иеленген болатын.