#qyzylordatv

Облыс бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиында Арал және Қазалы аудандарының ауылдық округтеріне бюджеттен бөлінген қаражаттар мен мемлекет активтерінің пайдалануына жүргізілген аудит нәтижесі қаралды.

 Тексеру барысында ауылдық округ аппараты мен ауылдық клуб үйлері есепшілерінің негізсіз еңбекақы алу жағдайлары анықталған.

 БАУЫРЖАН ПШАНОВ — ОБЛЫСТЫҚ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ // Еңбекақы бойынша 22 млн теңгенің еңбекақысы негізсіз аударылған, ауылдық округтер мен клуб есепшілеріне. Атап өтетін болсақ, Бекбауыл ауылдық округінде 9 млн 300 мың теңге. Құмбазар ауылдық клубында 3 млн 500 мың теңге негізсіз төленсе, Қазалы ауданында Бозкөл ауылдық округінде 5 млн 600 мың теңге, Майлыбас ауылдық округінде 800 мың теңге негізсіз еңбекақы төлеу фактілері орын алған. Сонымен қатар, бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз жоспарлау мен пайдалану бойынша 149,1 млн теңгенің бұзушылығы анықталған. Пайдаланылмай тұрған жабдықтар мен техникалардың тиімсіз сақталып тұруынан орын алған. Сонымен қатар, жобалық құжаттардың пайдалану мерзімдері асып кетіп, тиімсіз сақталу фактілері де орын алған.

 Бұл аудит материалдарына құқықтық бағасын беру үшін белгіленген тәртіп бойынша құқық қорғау органдарына жолданатын болады. Жалпы мемлекеттік аудитпен 6 млрд 648,4 млн теңгенің қаражаты қамтылса, тексеру нәтижесінде барлығы 489,4 млн теңгенің бұзушылықтары анықталды.