#qyzylordatv

Жыл басынан бері аймақтағы 49 ауылда әкім сайлауы өтті. Кандидаттардың 22-сі - өзін өзі ұсынса, қалғаны саяси партия атынан сайлауға түскен.

 Ауыл әкімдерін сайлау – ел өміріндегі маңызды қадамның бірі. Сондықтан саяси партиялармен қатар, дауыс беру құқығына ие азаматтар да белсенділік танытып келеді. Жыл басынан бері Аралда – 10, Қазалыда – 3, Қармақшыда – 3, Жалағашта – 5, Сырдарияда – 6, Шиеліде – 4, Жаңақорғанда – 17 және Қызылорда қаласында бір ауылдың әкімі сайланған. Аталған ауылдарда барлығы 67 мың 982 сайлаушы таңдау жасаған. Ауыл әкімдерінің 28-і бұрын осы қызметті атқарса, қалғаны жаңадан келген. Енді, жыл соңына дейін тағы 4 ауылдың халқы өз әкімдерін сайлайтын болады.

 АБАЙ ТАҒЫБЕРГЕН, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ / жалпы, 49 ауылдық округінің 10-ы өкілеттік мерзіміне дейін болса, 39-ы өкілеттілік мерзімі аяқталған. Атап өту керек, бәсекелесітік бір орынға 3-еуден келеді. Жалпы, 2021 жылдан санағанда бізде 100 пайыз әкімдер жаңарды. / жалпы, біз соңғы 6 ай ішіндегі динамиканы байқайтын болсақ, саяси партиялардың белсенділігі жоғары. Мәселен, өткен жылы өзін-өзі ұсынған кандидаттардың саны басым болса, 2025 жылдың 1-ші жартыжылдығында саяси партиялардың үлесі жандана түскен деп айтуға болады.