#qyzylordatv #тазақазақстан
Қоршаған ортаны ластап, көрінген жерге қоқыс тастайтындарға жаза қатаңдауы мүмкін. Осы орайда қала әкімдігі жанындағы мобильді топ Қызылорда көшелеріне рейдке шығып, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша ағарту жұмыстарын жүргізді.
Тазалық әркімнің жеке басының гигиенасын сақтау ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның, ауыл-аймақтың, сүріп отырған ортаның да жинақылығына мән беру. «Таза Қазақстан» аясындағы Іс-шара барысында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мен қалалық полиция басқармасы қызметкерлері көше бойындағы бірқатар үйдің алдында құрылыс материалдарының бейберекет шашылып жатқанын анықтады. Мобильді топ мүшелері тұрғындарға ескерту жасап, қала мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзғандарға әкімшілік айыппұл қарастырылған қаперге салды.