#qyzylordatv #тазақазақстан

Елімізде "Таза Қазақстан" акциясы аясында тазалық шаралары үздіксіз жүргізіліп келеді. Биыл 400 экологиялық іс-шара ұйымдастырылған.

 Көше, жол бойындағы сенбіліктермен қатар, өзен-көлдердің жағасы тазартылды. Белсенділер бірнеше айда 21 бұлақтың маңын мұнтаздай етіп жинады. Жалпы, акция басталғалы 6 миллионға жуық азамат 1 млн тоннадан астам қоқыс және 3 млн түп ағаш отырғызды. Мақсат – тек айналаны емес, сананы тазарту, экологиялық мәдениетті қоғамның күнделікті дағдысына айналдыру.

 ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ //Қазір ағаш егу, бірге жұмылып дала тазалау сияқты үрдісті біз қалыптастырдық. Енді сана тазалығы. Заң қабылдаудағы әділеттілік принциптерінің сақталуы -осының барлығы "Таза Қазақстан" құру идеалогиясына кіреді.//

 АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ //Ол біздің санамыздың жаңғыруы, ол біздің рухани жаңғыруымыз. Таза Қазақстан Мемлекет басшысының басқа да принциптерімен тығыз байданысты. "Заң мен тәртіп", "Адал азамат" барлығы бір-бірімен өте жақын.//