#qyzylordatv
Әділеттің жаңа кезеңі. Бүгіннен бастап елімізде Кассациялық соттар құрылды. Ол әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі соттар. Сот жүйесіндегі жаңа саты - Кассациялық соттар Жоғары Соттың құрамынан шыға отырып, дербес әрі өңіраралық сот мәртебесімен жұмыс істейді.
Сот жүйесіндегі бұл өзгерістер сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға бағытталған. Кассациялық соттарды құру арқылы барлық санат бойынша сот актілерін кассациялық тәртіпте қайта қарауға мүмкіндік ашылып отыр.
Осы орайда Қызылорда облыстық сотының бес бірдей тәжірибелі судьясы жаңадан құрылып жатқан Қазақстан Республикасының Кассациялық сотының судьялары болып тағайындалды. Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Оспанова, облыстық соттың судьялары Артур Наримов, Нұрлан Өміртайұлы, Нұрлыбек Қосанов және Ахметжан Есдәулетов сот жүйесіндегі қызметтерін Астана қаласындағы дербес кассациялық соттарда жалғастыратын болады.