#qyzylordatv

 Ішкі істер органдары - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымның бірі. Сондықтан қырағы қызмет қырандары қашанда құрметті. Сала мамандарының кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, антына адал танытып, қызметтік борышын мінсіз атқарған мамандарды марапаттады.

 Елдік жолда жанқиярлық ерлік көрсеткен батыр жандардың есімі ешқашан ұмытылмайды. Салтанатты шараға жиылғандар қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Иә, адам өмірін сақтау, қоғамдық тәртіпті орнатуда құқық қорғау қызметіне жүктелген міндет ауыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында аймақта ауқымды жобалар атқарылып жатыр.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ /// Соңғы үш жылда полиция органдарының мат-тех базасын жақсартуға обл.бюджеттен 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Биыл бұл мақсатқа 2 млрд 800 млн теңге материалдық-техникалық база заманға сай жаңғыртылуда. / біз полиция қызметін жаңғырту арқылы әрбір сақшының жұмыс өнімділігін арттыруға, заңсыздықтың алдын алуға, қылмыстарды жедел ашуға мүмкіндік беретін технологиялардың енгізудеміз.

 Қазір аудандағы барлық полиция бөлімінде жедел басқару орталығы жұмыс істейді. Бұл жоба еліміз бойынша біздің аймақта бірінші болып ашылып отыр. 539 бейнебақылау камерасы, 50-ге тарта жылдамдық өлшейтін құрылғылар іске қосылды. Бұған қоса, қоғамдық тәртіпті орнатуға жаңа технологияларды қолданысқа енгізу жоспарлануда.

СЕРІК ЕРГЕШОВ – ОПД БАСТЫҒЫ /// бүгінде қоғамда белең алған интернет алаяқтықпен күресу мақсатында ашылған КИБЕРҚЫЛМЫСҚА қарсы күрес басқармасына заманауи құрылғылармен жабдықталған жаңа жұмыс орны берілді.

 Әр тәртіп сақшысы - заң мен әділдіктің айнасы. Азаматтардың қауіпсіз ортада өмір сүруіне жағдай жасау – полиция қызметкерлерінің тікелей міндеті. Осынау жауапкершілік жүгін арқалаған азаматтар салтанатты сәтте марапат мінберіне көтеріліп, құрметке ие болды.

 Салтанатты шара соңы ел тыныштығын қорыған сала мамандарының құрметіне арналған мерекелік концертке ұласты.