#qyzylordatv

Бүгіннен бастап облыс аумағында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары басталды. Зиянкес жәндіктерді улау үшін биыл алғаш рет агродрон қолданылмақ. Облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов осы мәселеге байланысты жиын өткізіп, техникалардың дайындығын тексерді. Жайылымдық және шабындық жерлерді шегірткеден сақтап қалу үшін улау жұмыстарын дер кезінде жүргізу керектігін ескертті.

 Биыл облыс бойынша шегірткеге қарсы 60 мың гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Шегіртке көктің жауы. Үйірімен ұшқан қанаттылар егін мен шөпті әп сәтте отап кетуі ғажап емес. Әсіресе, азиялық шегірткеден келетін қауіп жоғары,-дейді мамандар. Азиялық шегіртке күріштік алқаптар, бау-бақша мен қамыстың арасында кездессе, италиялық прус құмды жерлерде болады. Сондықтан Арал мен Жаңақорғанның арасы толықтай химиялық өңдеуден өтуі керек.

 МҰХТАР ОРАЗБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫ \жалпы химиялық өңдеу жұмыстары төрт бағыт бойынша жүргізіледі. Оның ішінде өңдеу көлемі жер агрегатымен 7152 гектар жерге, ұшақ арқылы 15334 гектар жерге және аса жеңіл ұшақпен 33476 гектарға хиямиялық өңдеу жұмыстары жоспарланды... \

Италиялық прустың 98 пайызы Арал ауданынан шығып жатыр. Мамандар қанаттылардың көршілес Ақтөбе және Ұлытау облыстарынан ұшып келгенін айтады. Биыл зиянкестерге қарсы ТИАМЕТРИН және КАРАТ СУПЕР препараттары қолданылады. Тағы бір жаңалық, химиялық өңдеу жұмыстары алғаш рет агродронның көмегімен жүргізіледі.

МҰХТАР ОРАЗБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫ \3962 гектар жоспарланды...\

 Мамандардың сөзінше, әзірге шегірткелердің шоғыры байқалмайды. Дегенмен, саяқ жүрген жәндіктер кездеседі. Егіс алқаптары мен жайылымдық жерлерді зиянкестерден сақтап қалу үшін улау жұмыстарын дер кезінде жүргізу керек.

 ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ \Қазіргі таңда саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге әлеуетті өнім беруші тарапынан 12 арнайы жер агрегаты және 3 әуе ұшақтары қатыстыру жоспарланған.....

 Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов жауапты сала басшыларына мониторинг жұмыстарын жүргізіп, барлық аумақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ көршілес Түркістан, Ақтөбе, Ұлытау облыстарымен шекаралас аймақтарға зиянкестерге қарсы фитосанитарлық іс-шараларды бірлесіп жүргізу керектігін айтты.