#qyzylordatv
Биыл «Бәйтерек» ғарыш айлағы пайдалануға беріледі. Сөйтіп, жыл соңына қарай жаңа айлақтан әуе кемесі көкке көтерілмек. «Жұлдызды қалашықтың» 70 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр өңірімізге жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің құрылысын көріп, Байқоңыр қаласын дамыту жайын талқылады. Сондай-ақ, мерейлі жылға орай ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысты.
Байқоңыр - адамзат өміріне өзгеріс әкелген қала. Сондықтан жер-жаһанның назарынан түспейді. Қаланы дамытуға қос тарап та мүделлі. Үкімет басшының бірінші орынбасары Роман Скляр, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге Ресейден келген арнайы делегациямен кездесіп бірқатар мәселені талқылады. Одан соң «Бәйтерек» кешеніне арнайы барды.
ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ: ///Бұл «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің ұшыру алаңы. Ғарыш айлағын іске асыру ісі 2018 жылы басталған болатын. Қазір соңғы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша дәл осы жерден зымыран заңғар көкке жол тартпақ.
Екі ел арасындағы келісімге сәйкес, кешеннен «Союз-5» зымыранын ұшыру жоспарланған. Мамандар ауқымды жобаның құрылысы кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізді. «Бәйтеректен» жол тартқан әуе кемесі жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.
Байқоңыр – адамды ғарышпен табыстырған қала ғана емес, тату көршіліктің көрінісі. Дәл осы шаһар достықтың мекені. «Жұлдызды қалашықтың» 70 жылдығына арналған шара мерекелік шеруімен басталды. Одан кейін екі елдің Мемлекеттік Гимндері орындалып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің бейнеқұттықтаулары көрсетілді.
РОМАН СКЛЯР - ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ / Байқоңыр ғылым мен достықтың қаласы. Бұл адам баласы алғаш рет ғарышты бағындырған жер. Бүгін Байқоңырға жол ашатын ерекше қала. Қазақстан үкіметі бұл жердің дамуына үлкен мән береді. Сіздерге амандық, бақ-берек мен табыстар тілеймін.
КОНСТАНТИН БУСЫГИН – БАЙҚОҢЫР ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІҢ БАСШЫСЫ //аударма//Адамзаттың ғарышты игеру ісі қазақ жерінде, Қызылорда топырағында басталды. Осынау ауқымды жобаның басы-қасында болған барлық азаматтарға, ардагерлерге алғысымыз шексіз. Біз Байқоңыр қаласын дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Мерекелік шарада көпшілікке Халықаралық ғарыш станциясының 73-экспедиция мүшелері-ғарышкерлердің арнайы бейнеқұттықтауы ұсынылды. Одан әрі қаланың дамуына айрықша үлес қосқан азаматтар марапат мінберіне көтерілді. Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі бастығының орынбасары Ермек Искаков, ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Николай Адасев марапатталды.
ӘНУАР ДАУЛЕНБАЕВ – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ / біз Байқоңырда тұрғанымызға қуаныштымыз. Біз байқоңырда бөлінбей тату тәтті өмір сүріп жатқан жайымыз бар. Сондықтан бізді кіші Ассамбелея деп айтса болады. Қай уақытта да халық бірге.
Ғарыш саласын игеру ғылымның дамуына, озық инновациялық технологияларды өндіріске енгізуге жол ашады. Бұл ретте Байқоңыр стратегиялық маңызға ие. Сондықтан «жұлдызды қалаштықта» қызмет атқаратын әрбір жан құрметке лайық.