#qyzylordatv
Қызылордада физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты ашылды. Дарынды балаларға арналған білім ошағында еліміздің әр өңірінен келген талантты оқушылар оқиды. Тағы бір қуанышты хабар, елу жылдық тарихы бар Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі жаңа ғимаратқа көшті. Сырдың сол жағалауында пайдалануға берілген нысандардың ашылуына Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев қатысты.
Бүгінде өңірде өскелең ұрпақтың сапалы әрі жан жақты білім алуына барлық жағдай жасалуда. Мәселен, Қызылорда қаласында 4 мектептің жанынан қосымша оқу ғимараты салынып, үш ауысымдық мектеп мәселесі түбегейлі шешілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 мың орындық 6 білім ошағы пайдалануға берілді. Физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының ашылу рәсімінде сөз алған облыс әкімі білім саласында атқарылып жатқан осы және өзге де жұмыстарға тоқталды.
Физика-математика пәндерін тереңдетіп оқытатын лицей-интернат еліміз бойынша Алматы мен Астана қаласында ғана болатын. Енді міне, алғаш рет Сыр өңірінде ашылып, ел игілігіне беріліп отыр. Айта кету керек, бұл нысан заңсыз иемденген активтерден қайтарылған қаржыға салынған.
400 орынға арналған білім ошағы заманауи үлгіде жабдықталған. Лаборатория, робототехника, стеем кабинеттері бар. Мұнда физика, математика, информатика пәндері ағылшын тілінде тереңдетіліп оқытылады. Айта кету керек, лицей-интернатқа түсу үшін еліміздің 17 өңірінен 1447 бала құжат тапсырған. Олардың арасынан білімімен дараланған 200 оқушы іріктеліп, оқуға қабылданып отыр.
АСҚАРБЕК ЕСЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ \теориялық және практикалық есептерден негізгі базалары қалыптастырып жарты жыл сайын колоквиум тапсырады. ..\
Белгілі академик, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев лицей-интернаттың алғашқы шәкірттерімен кездесіп, ағылшын тілінде сұқбаттасты.