#qyzylordatv

 Қызылордада «Қозғалыстың жас инспекторлары» слеті өтті. Тәртіп сақшылары мұндай жиын арқылы балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуды мақсат етіп отыр.

 Оқушылардың жол қауіпсіздігі ережелері мен ұшқыр ойы сынға түскен облыстық байқауға 8 команда қатысты. Заң мен тәртіпке терең бойлайтын бұл жарыста өрендер алдымен саптық жиын бойынша шеберліктерін көрсетті. Одан соң қатысушылар «Жол қауіпсіздігі ережелері», «Жас санитар», «Жас білгірлер», «Жас реттеуші», «Ашық үзіліс» , «Эрудит» кезеңдері бойынша білім-білігін сынады.

ФАРИЗА АЛМАСОВА - ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ «бұл сайысқа біз жыл сайын қатысамыз. Қазір мен эрудит сайысына өзімі жекелей қатысып шықтым. Маған өте оңай болды. алғашқы тролейбус, машина, көліктердің қашан шыққанды туралы сұрақтар келді. Мен оларға өте оңай жауап бердім. Біз республикалық кезеңге өтеміз деп ойлаймын».

 Ал, келесі кезеңде жас инспекторлар алғашқы медициналық көмек көрсетіп сайысты.

 ЕРДӘУЛЕТ ЖӘУКЕЕВ - ОПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ «аталған сайыс бүгінгі күнге дейін қалалық және аудандық мектеп оқушылары арасында жүргізілді. Міне енді олар облыстық байқауға қатысуға келіп отыр. Сайыстың жеңімпаздары ағымдағы жылдың тамыз айында ШҚО Өскемен қаласында өтетін слетке жолдама алып, өңіріміздің намысын қорғайтын болады».

 Жеті кезеңде де топтық жұмыс көрсеткен Қазалы ауданының командасы бірінші орынға ие болды. ІІ орын Сырдария ауданынан келген командаға, ІІІ орын Шиелінің жас инспекторларына бұйырды. Сондай-ақ барлық қатысушы командаларға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.