#qyzylordatv
Жаңақорған ауданында дүниеге келген нәресте шұғыл түрде «Қазавиақұтқару» тікұшағы арқылы облыс орталығындағы ауруханаға жеткізілді.
Шақалаққа медициналық көмек керек болғандықтан жедел тасымалдау жүзеге асырылды. Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде жаңа туған нәресте облыстық балалар ауруханасына сәтті жеткізілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.