#qyzylordatv

 Қызылордада «Өнерім саған, Қазақстан!» атты облыстық балалар байқауы өтті. Мүгедектігі бар балалардың шығармашылығын шыңдау мақсатында ұйымдастырылған өнер мерекесі қатысушылар мен олардың ата-анасына ұмытылмас әсер сыйлады.

  «Өнерде шекара жоқ» деген. Арбаға таңылса да, өнердің ғажайып әлемінде өзін еркін сезінген балақай көрерменнің жан дүниесін баурап алғандай. Өйткені бұл байқаудың ерекшелігі балалардың мүгедектігінде емес, әрбірінің рухының биіктігінде, өнерге деген махаббатында.

 САҒАТБЕК СИЮОВ, ОБЛЫСТЫҚ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

// Бұл байқау Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекетік тапсырысы негізінде өтуде. Байқау төрт кезеңде өтеді.

Тілші: Байқауда 70- ке жуық қатысушы төрт бағыт бойынша бақ сынады. Бірі ән айтып, би билесе, енді бірі өлең оқыды, сурет салып жарысты. Жарыс жеңімпаздарына диплом, барлық қатысушыға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Бағамдасақ, бұл тек өнер жарысы ғана емес, өмірге деген құштарлықтың көрінісі болғандай.