#qyzylordatv
Өңірдегі ірі мұнай компаниясының бірі «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамы 20 жылдан астам уақыттан бері балаларға қамқорлық көрсетіп келеді. Игі дәстүр биыл да жалғасын тапты. Компания Жаңақорған ауданындағы «Балдәурен» бөбекжайында тәлім алып, мектепке қадам басатын балаларға сый-сияпат табыстап, қуантты. Балабақшамен қоштасу салтанатынан тілші бейнематериалы.
Бұл – бірге ойнап, бірге өскен, енді мектеп табалдырығын аттауға дайын балақайлар. Мерекелік шарада олар бірнеше жыл бойы алған тәрбиенің жемісін ортаға салып, өз өнерлерін паш етті. Әр қимылдарынан қуаныш пен толқыныс байқалады. Кешті ұйымдастыруға атсалысқан ұжым үшін бұл – жылдағы дәстүр. Ал осы тәрбиелік ұяның тұрақты серіктесі – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы. Балабақша 1998 жылы құрылған болса, 2001 жылдан бастап компания мекемеге демеушілік көрсетіп келеді.
ГҮЛЖАЗИРА ДОСМҰХАНБЕТОВА – «БАЛДӘУРЕН» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ Жыл сайын балабақша түлектерін мектепке шығарып салу біз үшін үлкен мереке. Бізге үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан «ПетроҚазақстан» компаниясына алғысымыз шексіз. Мерекелерде тәттілер мен сыйлықтар тарту етіп, бүлдіршіндерді қуантудан жаңылған емес. Балаларымыздың болашағы жарқын болғай.
ТҰМАР ШАЛБАЕВА – «ПЕТРО ҚАЗАҚСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРСИЗ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
20 жылдан астам тарихы бар бұл балабақшаға жыл сайын 22 миллион теңге көлемінде қаражат бөлініп келеді. Қаражат балабақшаның жұмысын қамтамасыз етуге, балалардың тамағына, қызметкерлердің еңбекақысына жұмсалады. Дәстүрге айналғандай, жыл сайын 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында балабақшаны аяқтап жатқан бүлдіршіндерді мектепке шығарып салуға арнайы келеміз. Оларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сөмкелер сынды сый-сияпаттарымызды табыстаймыз.+...Айсара апайымызға рақмет.
Өнерлі балаларда алда мектеп, жаңа орта, жаңа белес күтіп тұр. Олардың толқып тұрып айтқан тақпақтары мен әндері ата-аналары мен қонақтарды бейжай қалдырмады.
Кештің көркін қыздырған – ата-аналардың қолдауы мен ықыласы да ерекше болды. Солардың бірі – жайдарманшы Есқара Бейбітов. Баласының балабақшамен қоштасу кешінде көңілді ән айтып, жұртты бір серпілтті.
ЕСҚАРА БЕЙБІТОВ – АУДАН ТҰРҒЫНЫ
Апайларының мейірімділігі, ақкөңілдігі, оларды спортқа, өнерге баулып, көбісі білсе, бірі білмес, гастрольдік сапарда жүремін. Анасы да шығармашылықтың адамы, екеуміз екі жаққа кетіп қалған кезде осы балабақшаға тапсыруға тура келеді. Сондай кезде балалардың тәрбиесіне, біліміне назар аудырып жатқан тәрбиешілерге алғысым шексіз.
МАРЖАН ОМАРБЕКОВА – АУДАН ТҰРҒЫНЫ
Қазіргі келіп жатқан балабақшаға біздің немерелеріміз. Балаларымызды бір жасында қабылдап, бес жасында шығарып салып жатыр. Осы үлгі болып, балабақшаның фундаментін қалап жүрген Айсара Машбекқызына алғысымды айтамын және ұстаздарға.
Мектепке дейінгі мекемеде бойға дарыған тәрбиені балақайлар енді білім ордасында жалғастырады.