#qyzylordatv
Шиелі – кәсіпкерлік саласы өрістеген ауданның бірі. Бүгінде кәсіпкерліктің кілтін тауып отырған азаматтар саны 6 мыңнан асып жығылады. Соның ішінде басым бөлігі мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдетілген несие алып, кәсібін өрістетіп отыр. Осы орайда аймақ журналистері үшін баспасөз туры ұйымдастырылды.
Мемлекеттің қолдауы - кәсіпкерлерге демеу. Бүгінде Шиеліде түрлі бағдарламаларға қатысып, шаруашылық аясын кеңейткен жандар аз емес. Мәселен, құс фермасы айына 9 тонна құс етін өндіріп жатыр. Құс шаруашылығын дамыту үшін жеке кәсіпкер жеңілдетілген несие алған.
СӘКЕН ҚАЛМЫРЗАЕВ – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР // 2 жарым пайызбен «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несие алған болатынбыз. Қазіргі таңда осындай 3 құс өсіретін фермамыз бар. Ішіне мың жарым дана кетеді. 45 күнде дайын болады. Сөйтіп сойып, халыққа тұтынуға жібереміз. Бес жұмысшы бар. Тағы төртіншісін салып жатырмыз, құс өсіретін боттың. Сол салынса адамдарды ұлғайтамыз деген жоспарымыз бар//
Ал, мына жылыжайда маусымына 10 тонна қияр мен қызанақ жиналады. Өнімділікті арттыру үшін тамшылатып суару әдісі қолданылуда.
Аудан орталығындағы қағаз майлық шығаратын кәсіпорын да жеңілдетілген несиенің шарапатын көріп отыр.
НҰРБОЛ ЕСЕНОВ – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР // 50 млн несие алып, кеңейту мақсатында жаңа станоктар алып жатырмын. Әрі қарай, әжетхана қағаздары қосылады, асүй майлықтары қосылады. 8 адам жұмыспен қамтылады. Шыққан өнімді Шиелі, Қызылорда қаласы мен Жаңақорғанға сатылып жатыр//
«Гежуба Шиелі Цемент» зауытында тәулігіне 4 мың тоннаға дейін цемент шығарылып жатыр. Қазір құрылыстың қызған шағы.Сондықтан отандық өнімге көршілес мемлекеттерден де сұраныс түсуде.
ТАБИҒАТ ӘБЕКОВ – ЗАУЫТ ҚЫЗМЕТКЕРІ // Зауыт 2018 жылы іске қосылды. Цемент шығаруға қажетті шикізаттың 80 пайызы жергілікті өнімдерден алынады, Қаратаудан. Қалған 20 пайызы сырт жақтан келеді. Жылына 1 млн тонна өнім шығаруға қауқарлы. Бірақ, біз жоспардан артық орындап жатырмыз. 1 млн 150 мың тонна өндіріп жатырмыз//
Кәсіпкерлердің алғашқы қадамын нықтап, аяққа тұрып кеткенше мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек мұнымен толастамайды. Мәселен, биыл тағы 8 кәсіпкер шағын және орта бизнеске жаңа жобаларын ұсынып отыр.