#qyzylordatv

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің нөмірі 60-шы мекемесінде шағын және орта бизнес өкілдері үшін ашық есік күні өтті. Іс-шара мекеменің кәсіпорын аумағындағы өндірістік әлеуетін арттырып, жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтуды көздейді. Ашық есік күніне, сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев пен прокуратура өкілдері қатысты.

Түрмеде жазасын өтеп жатқандар да кәсіпорында жұмыс істейді. Орындалған жұмыс көлеміне қарай еңбекақысын алады. Ашық есік күнінде жазасын өтеушілердің қолынан шыққан бұйымдар кәсіпкерлер назарына ұсынылды. Домбыра, астау, құрылысқа қажетті заттары, арнайы салалық киімдер қойылған.

РИЗАБЕК ОЖАРОВ — ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ // Сотталғандарды жұмыспен қамту. Жұмыс жасайтын болса оң әсерін тигізеді деп санаймын. Дұрыс жолға түседі, қайтадан қылмыс жасамауға, онан бөлек өзінің келтірілген залалын өндіруде маңызды деп санаймын.

Тілші: Бүгінде мұнда мыңнан астам адам жазасын өтеп жатыр. Олардың жартысына жуығы еңбекпен қамтылған.

 ШӘЙМЕРДЕН ЕСЕНКЕЛДИЕВ — ОБЛЫС БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ / Былтырғы жылмен салыстырғанда неғұрлым өсім бар. Алдағы мақсатымыз сотталғандарды 100 пайыз жұмыспен қамту. Айлықтарын туған-туыстарының есепшоттарына жіберіп отыруға болады. Егер тәртібі дұрыс болатын болса, осы мекемеде жұмыс істеп, өзінің искісін өндірсе, шығуына бірден бір көмегін тигізеді.

 Түзеу мекемесінің өндірістік аумағында 13 жеке кәсіпкер жазасын өтеушілерді еңбекпен қамтып отыр. Кірпіш зауытынан бастап, тас төсеніш, пластик терезе дайындайтын цехтар мен қолөнер шеберханалары жұмыс істеп тұр.

 ОРЫНБАСАР БОДЫҚОВ — КӘСІПКЕР // Оның ішінде дәнекерлеу жұмыстары бар, пескоблок өнімдері, кірпіш өндіру, қоршаулар жасау, металлоконструкции. Бірнеше конструкцияларымыз бар, ауылдарға спорт комплекстердің конструкцияларын осында жинаймыз да сол жақта орналастырамыз. Модульные зданиялар жасаймыз. Қазір Қызылорда аренасының штабын жасап бердік, осы жерден темірден бәрін қаңқасын жинадық, онан кейін 37 мекеме оны толықтай орнына тұрғызып берді. Дәнекерлеушілеріміз өте мықты, варить еткендері бәрі тамаша.

 Ашық есік күнінде тігін шеберханасының жұмысы да таныстырылды.

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ

// 2023-тің желтоқсан айынан бері тігін шеберханасына жұмысқа орналасқанмын. Қазір енді ЖШС берілген тапсырмасы, спецодеждыларды әкеліп берді, соны тігіп жатырмыз. Күніне мен 2 арнайы киім тігіп бітуге тырысамын. Қанша киім тігесің, сонша жалақы төленеді. Айына 50-60 мың айлық аламыз. Оның жартысын искімізге ұстайды, өтеп жатырмыз, бостандыққа ертерек шығамыз ба деген ниетпен. Отбасыма салмақ түсірмей өзіме керек затты осы жерден аламын.

Жаза басқандарды түрмеде еңбекпен қамту бостандыққа шыққан соң олардың қоғамдық өмірге тезірек бейімделуіне де аса қажет .