#qyzylordatv

Бүгін – Қазақстан Республиасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күн "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заңда мемлекеттік мереке ретінде ресми түрде бекітілген. Бұл мереке елімізде 2007 жылдан бері тойланып келеді.

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Оларға Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. "Мемлекеттік рәміздер - кез келген мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін білдіретін ажырамас атрибуттарының бірі", - деп жазылған Ақорда хабарламасында. Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер күнінде еліміздің барлық өңірінде салтанатты іс-шаралар өтіп жатыр.