#qyzylordatv
Иә, әрбір азамат әнұран шырқалғанда рухтанып, Елтаңбадан мемлекеттіліктің маңызын ұғынады. Әріптесім Асылзат Жолдасқызы бейбіт заманның бесігін тербеген Әнұранның мәні мен маңызына үңіліп көрді.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан гимнінің музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беріп, анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтіні біршама өңделген.
МҮТӘН МЕЙРАМБЕК — ҚАЗАНҒАП АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МУЗЫКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ МҰҒАЛІМІ
/ Гимн грек тілінен аударғанда «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан гимн салтанатты маэстозо деген ырғақта басталады. Өте тез емес, баяу да емес, өте жігерлі ырғақта басталады. Тональность ре-минор, 4/4- те басталады. Гимнді орындауға күш-жігер керек, жігерлі түрде, рухтанып орындау керек. Марштық стильге де келеді. Сондықтан салтанатты, ырғақты, маршты, жігерлі орындалады.
Әнұран – мемлекеттік рәміздердің бірі ғана емес, бірегейі. Адамның рухын көтеріп, ерекше патриоттық сезімге бөлейді, жігерді жани түседі. Сондықтан айбынды әуенді бүгінде бесіктегі баланың өзі қолын жүрек тұсына қойып тұрып шырқайды.
АСЫЛЗАТ ЖОЛДАСҚЫЗЫ — ТІЛШІ // // Елімізді танытар ұлттық құндылық — ту, елтаңба, әнұранымыз бүгінде төрткүл дүниеге кеңінен танылды. Айбынымызды асырған мемлекеттік рәміздерді құрметпен ұлықтау әр азаматтың парызы. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз бекем болсын! //