#qyzylordatv
Облыс орталығында мәденит саласының үздігі Руслан Садықовтың ән кеші өтті. «Ғашық жүрек» атты саз кешінен көрермен мол рухани азық алып қайтты.
Руслан Садықов – тайында танылған таланттың бірі. Жастайынан халықаралық, республикалық байқауларға топ жарып, аймақ мерейін асырған кезі аз емес. Сондықтан оның өнерін сырбойлық тыңдарман жоғары бағалайды.
МАҚПАЛ ҚАЛДАНОВА – «СӘУЛЕМ-АЙ» ӘЖЕЛЕР АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ // Русланды мен өнердегі майталмен деп айта алар едім. Әрбір айтқан әні, даусының тембрі, әрдайым шуағын шашып тұрады.
ЛӘЗЗАТ ДОСАНОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ -/ Руслан Садықовты бұрыннан білемін. Өзіміздің баламыз. Қанша жылдан бері ән шырқап келе жатыр. Сүйікті көрерменіміз. Шығармашылық табыс тілеймін. Өркендей берсін, Өсе берсін.
Расымен, Русланның ән қоржыны өте бай. Ол әр туындыны талғам таразысына тартып, тыңдарманға ұсынады. Осындай, ізденістің арқасында өнер майталманы көрерменнің көзайымына айналып отыр.
РУСЛАН САДЫҚОВ – ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ /// «жан сырым», Е.Хасанғалиевтің «Сағындым сені», Алмагүл Божанова апайымызға арналға «Дала аруы» атты / менің түйгенім ең бастысы көрерменге адал болу. Адал еңбек ету. Бұл ән кешімнің ерекшелігі халыққа ұсынатын әндерім. Жаңа композиторлар.
Руслан Садықовтың өнерде жүргеніне ширек ғасырға жуықтап қалды. Осыған орай, алдағы уақытта әнші кең көлемде концерттік бағдарламасын ұсынбақ.