#qyzylordatv
Қызылордада Конституциялық соттың көшпелі сараптамалық жиыны өтті. «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» тақыбырындағы жиын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналды.
Жиында азаматтардың конституциялық бақылауға қол жеткізу мәселелеріне және Конституциялық Сот шешімдерінің орындалу маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда конституционализм қағидаттарын ілгерілету бойынша ағартушылық қызмет мәселелерін талқылап, пікір алмасты.
АЙГҮЛ ҚЫДЫРБАЕВА — ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ
// Бүгінгі таңда конституциялық сотқа 10 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Алайда олардың 95 %-ын конституциялық сот аппараты конституциялық сотының құзыретіне сәйкес келмеуіне байланысты, заңда белгіленген өтініш пен нысанның сәйкес келмеуіне байланысты қайтарды. +04:10 Конституциялық сот жалпы соттардың сот актілерін қайта қарамайды. Сондықтан соттың судьялары мен аппарат қызметкерлері ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.