#qyzylordatv

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана халықаралық форумы аясында Нигерия Ифе Королі Оони Адейейе Энитан Огунвусимен кездесті. Екі ел президенттері арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

 Сондай-ақ, сауда, инвестиция, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік салаларындағы өзара іс-қимыл сөз болды. Нигерияға қазақстандық бидайды жеткізу, сондай-ақ Африка нарығына шығу үшін Орта дәлізді пайдалану мүмкіндігі де қарастырылды. Тараптар тиімді әріптестікті нығайтуға ниетті екенін жеткізді.