#qyzylordatv
Әлемдегі күрделі экологиялық түйткілдердің бірі - тұрмыстық қалдықтар мәселесі. Осы орайда мемлекет басшысының «Ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар салу» тапсырмасына сәйкес облыста қалдықтарды сұрыптау және өңдеу бойынша жалпы құны 43 млрд.теңгені құрайтын 9 жоба жүзеге асырылуда.
Жалпы жыл басынан бері аймақта жиналған 77 мың тонна коммуналдық қалдықтың 23 мың тоннадан астамы өңделген. Сондай-ақ 145 елді мекенде полигон қызметі үшін 400-ден астам жер телімі белгіленіп, 8 полигон экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендірілді.
МӘРІП АКБАР - ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Қазіргі таңда сұрыптау жұмыстары полигонның басында, яғни сұрыптау кешенінде жүргізіліп жатыр. ящиктерді қойғанмен де таситын көлік бір бізде. Қоқыстардың барлығын бөлек жинағанымызбен бір жерге тасталады. Сондықтан оларды бөлек-бөлек таситын көліктер немесе көліктің ішінде бөлетін құралдары бар көліктер қажет. Техникалар алу бойынша жұмыстар қарастырылып жатыр қазір. Содан кейін толық шешіледі деуге болады».