#qyzylordatv
«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өңірде есірткі егудің 5 дерегі анықталды. Сонымен қатар, жалпы салмағы 2 келіден асатын 530 түп сора өсімдігі мен 500 граммға жуық кептірілген марихуана табылды.
Бүгінде облыс аумағында есірткі тасымалдау арналарын анықтау мақсатында 5 арнайы бекет құрылған. Бұл нысандарға жергілікті полиция, кинология қызметі, арнайы жасақтар жұмылдырылған. Сондай-ақ, барлық аудандық полиция бөлімдерінде мобильді-іздестіру және жедел-тергеу топтары жасақталған. Ал, «Қарасора» операциясы 31-ші қазанға дейін жалғасады.