#qyzylordatv
Қызылорданы көгалдандыру мемлекеттік–жекешелік әріптестік жобасы бойынша жүзеге аспақ. Яғни, көшет еккендер 5 жыл бойы оның күтіп-баптауына, өсіп-өнуіне жауапты болмақ. Депутаттар корпусы бұл жобаны қолдап отыр. Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында үшжылдық бюджетті нақтылау қаралды. Кей бағдарлама бойынша қаражат қысқарды, ал өзекті деген тұстар бойынша трансферт бөлінді. Депутаттар сауалдары да назарға алынды. Тілші толықтырсын
Қазір бұрынғыдай емес, депутаттық сауалдар сараланып, қаражаты шотқа салынып, күтілетін нәтижесі жобаланып айтылатын болды. Бюджет кодексіне енген өзгерістер осындай нақтылықты талап етіп отыр. Депутаттық сауал демекші, Әмірбек Шаймағамбетовтың облыстық полиция қызметкерлерінің жалақысын көтеру, материалдық-техникалық жарақтандыру туралы ұсынысы бойынша есеп-қисапқа жауапты басқарма былай деді:
Депутат Балжан Шәменованың автожолдар бойынша ұсынысына мынадай жауап болды:
Біздің аймақ үшін ең өзекті мәселе – ағаш отырғызу, Қызылорданың 40 градус ыстығында көлеңкелейтін көк желек іздейсің. Белдеу болып, біркелкі өскен талдар тым сирек. Осы жылдар ішінде көгалдандыруға қаржы бөлінбеді емес, бөлінді, тек күтімі болмай көктемей жатыр емес пе?!
Депутаттар «Қызылорданың жасыл белдеуі» жобасын жекеге беріп, оны 5 жыл бойы күтіміне белгілі бір мекемені жауапты ету тиімді болады деген пікірде.
Көшеттерді суаратын жер асты суларының сапасын тексеру керек. Жарай ма, жарамай ма дегендей. Судың шығынын, аяқсу бар жерлер мен жерасты суымен қоректендіретін аумақтардың барлығы да есепке алу міндеттеледі. Және депутаттар тарапынан бақылау болуы басты талап. Қаражат бюджеттен бөлінеді емес пе?!
5 жыл бойы көгалдандырумен айналысуды қолға алатын мердігер мекеме бүгінде Сыр елінің флорасымен танысып жатыр екен. Жерсінетін ағаштар, топырақ құрамы, судың сапасы – бәрі-бәрі назарға алынбақ. Не десек те, 2030 жылы қанша ағаш өсті, жоспарланған жасыл белдеу түзілді ма, бөлінген қаржы ойдағыдай игерілді ме, экологияға оң әсер етті ме - нәтижесін бәріміз көзбен көретін боламыз.