#qyzylordatv #жұмысшымамандықтаржылы
Қызылордада «Жұмысшы мамандықтарды насихаттау» әлеуметтік жобасы іске қосылды.
Жоба аясында техникалық және кәсіптік саладағы талантты жастарды анықтап, қолдау көрсету арқылы олардың белсенділігін арттыру көзделіп отыр. Осы орайда тігінші, аспаз, дәнекерлеуші, тас қалаушы, электрик сынды кәсіп иелерінің арасында байқау ұйымдастырлмақ.
МЕДЕТ ЖОРАБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
//Аталмыш байқауларға Қызылорда қаласының
16-34 жас аралығындағы азаматтары қатыса алады. Қатысушыларға орталық тарапынан барлық ресурстық көмектер көрсетіледі. Қазіргі таңда қатысушыларды тіркеу жұмыстары басталды. Сайыстың өтетін күні және ережелерімен талаптары қатысушыларға хабарланды. Жүлде қоры әр байқау бағыты бойынша 150 000 тг-ден және бұл тек жеңімпаздарға беріледі.