#qyzylordatv

Облыс әкімдігінде жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға және жоғары деңгейде өткізуге белсенді атсалысқан сырбойылық азаматтар мемлекет басшысының алғыс хатымен марапатталды.

 Ел президенті Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиында «Біз Халық Конституциясын келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді терең сезіне отырып қабылдадық. Ата заң – қуатты, күшті, бәсекеге қабілетті Қазақстанның жаңа Жарғысы. Жаңа Конституция – көне заманнан бері бабаларымызға бағдар болған дала заңдарының бүгінгі жалғасы, ұрпақтар арасындағы сабақтастық көрінісі, деді. Жаңа Конституцияны қабылдауға арналған жалпыхалықтық референдумға Сыр жұртшылығы да белсенді қатысып, береке бірліктің, тату тірліктің үлгісін көрсетті. Жиында облыс әкімі саяси науқанға салмақпен қарап, жауапты жұмыстың жүгін көтерген сала мамандарына алғысын білдірді. Сондай-ақ, бірқатар азаматты Президенттің алғыс хатымен марапаттады.

 НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ

Биыл еліміз үшін , өңіріміз үшін айрықша мәні бар тарихи маңызды жыл болуда. Тәуелсіз Қазақстан ұлт жылнамасында жаңа кезеңге қадам басуда. 15 наурызда халқымыз Жаңа Конституцияға арналған референдумда белсенді қатысып, мемлекетіміздің келешек тағдырын айқындады. Президентіміз бүкіл халық атынан Ата заңымызға Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды. Халық Конституциясы 1-ші шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. Енді конституция күні мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде 15-ші наурызда атап өтетін боламыз. Қадірлі қауым, Мемлекет басшымыз 2025 жыл, 8 қыркүейкте халыққа арнаған жолдауында Қазақстанда бір палаталы парламент құру жөнінде бастама көтерген болатын. Бұл ұсыныс Конституциялық реформаны жүзеге асыруға негіз болып, парламент реформа жөніндегі арнайы жұмысшы тобы құрылды.