#qyzylordatv
Елімізде 2030 жылға қарай су үнемдеу технологиялары енгізілетін егістік алқабының көлемі 1,3 миллион гектарға жетпек. Соның арқасында 2,2 миллиард текше метрге дейін суды сақтап қалуға мүмкіндік бар. Бұл туралы Экологиялық саммиттің соңғы сессиясында айтылды.
Экологиялық саммит ауыл шаруашылығына қарасты 200 млн гектар жер телімі бар біздің ғана емес, өзге де елдердің күнкөрісіне төнген қауіптің алдын алу үшін ұйымдастырылды. Ауқымды жиын ең алдымен өзара тәжірибе алмасуға үлкен септігін тигізді,- дейді сала мамандары.
ГҮЛЖАҺАН БИМЕНДИНА, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ЖЕРДІ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
Герман тәжірибесінің біздің тәжірибеге өте ұқсас.Өте бір-бірімізге жақын. Өйткені топырақтың құнарлылығын тексеру, оның материнский породаға қазуы, оның тұздануы келе жатқанын бәрін байқап, алдын-ала тексерістің артында алдын-ала жоба жсау ол біздің Қазақстанда да бұрыннан келе жатқан өзіміздің тәжірибеміз. Германияның тәжірибесі бізге ұқсайды екен. Кейбір технологияларын Германияның қолданатын болып келісімге отырдық.
Жиында ғылымның рөлі алдыңғы қатарға шықты. Климатты болжау, су қорын есептеу, апаттардың алдын алу – барлығы деректерге сүйенген нақты талдауды талап етеді. Осы бағытта жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңінен қолдану ертеңгі тәуекелдерді алдын ала көрудің жолы.
ЛӘЗЗАТ РАМАЗАНОВА – «ECOJER» ӨҢІРЛІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бүгін-ертең Жасыл экономикаға көшсек, дәл осы өнер кәсіпте жүрген адами капитал қай бағытта даму керек, ертеңгі күні жұмыссыздар нарығын көбейтіп емес, мынау болашаққа қызмет ететін нарыққа көшу керек қой. Бұның барлық әлеуметтік сұрақтарға тіреліп жатыр. Осы панельдік сессиялар сол үшін бізге қызық болды.
ВАЛЕРИЯ ХИККИ - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК ТОБЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ АУДАРМА
Қазақстан осы бағытта маңызды диалог бастап отыр. Бұл бастамалар алдағы БҰҰ-ның су мәселесіне арналған саммитінде де жалғасын табады деп сенеміз. ең жоғары деңгейде, министрліктер мен олардың командалары нақты әрекет етуге дайын. Бұл саммит Қазақстан мен Орталық Азия халқы өз болашағының негізі таза қоршаған ортаға байланысты екенін түсінгендіктен маңызды.
Үш күнге созылған саммитте 60-қа жуық панельдік сессия ұйымдастырылды. 100 ден аса сарапшы түрлі тақырып төңірегінде ұсыныс-пікірлерін айтты. 8 мемлекет басшысы бас қосқан жиын – ортақ пікірлер тоғысатын алаң. Мүдде ортақ. Сондықтан нәтиже де оң болуға тиіс. Себебі, экология тыныш болмаса, экономиканың да дұрыс болуы екіталай.