#qyzylordatv
Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік жұмыстары жүргізілді. Ауқымды шараға барлық мекеме қызметкерлері жұмылдырылып, шет аймақтар күл - қоқыстан тазартылды. Екі мың түп ағаш көшеті отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары қолға алынды.
Туған жерді түлетіп, көгалдандыру – баршаға ортақ іс. Сондықтан аудан тұрғындары игі іске білек сыбана кірісті. Қолына күрек, тырмасын ұстаған табиғат жанашырлары Әйтеке би кентіне кіре беріс аумақтағы бас қақпаның маңына жиналып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұрын соңды игерілмеген, сор басқан аумақты құнарландырып, жасыл желекке айналдыру мақсатында жергілікті жердің климатына төзімді қара ағаш, терек көшеттерін отырғызды. Ендігі міндет - өскінді күтіп ұстау.
АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ, АУДАН ӘКІМІ
Осы жерге екі мың көшет отырғызып жатырмыз. Алдағы уақытта жолдың жиегі жасыл желекке айналады. Бұл жер аяқ сумен қамтамасыз етілген. Өзімізде күнделікті осы жерді аралап, көреміз. Өткен жылы егілген қаламшалардың қазір жетпіс пайызы алып тұр....
Ауданда соңғы жылдары тазалық мәдениеті қалыптасып келеді. Тұрғындар бұрынғыдай кез келген жерге қоқыс тастамайды, айналаны ластамайды. Әр көшенің белсенділері бірігіп, апта сайын сенбілікке шығады.
ҒАЗИЗ ӘЛІШ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ \Әйтеке би кенті жеті аймаққа бөлінген. Бесінші квартал дейді мына бергі бет. Мен осы аймаққа жетекшілік етем. Енді бұрынғыдай емес қазір халық үйренді. Тұрған жерімізді өзіміз тазаламасақ басқа біреу келіп тазалап бермейді......
Сенбілік аясында шет аймақтардың тазалығы назардан тыс қалған жоқ. Тұрғындар бірнеше топқа бөлініп, өздеріне бекітілген аумаққа тазарту жұмыстарын жүргізді. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинап, арнайы техниканың көмегімен қоқыс полигонына апарды.