#qyzylordatv

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Жалағаш ауданының тұрғындары «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – бір ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясына үлес қосты.Тілші бейнематериалында толығырақ.

Аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі орындар мен қорымдар аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Мемлекет қорғауына алынған киелі орын – Беркінбай кәлпе қорымы аумағында өткен тазалық шарасына аудан әкімі Ардақ Ибраимов қатысып, игі бастаманың маңыздылығына тоқталды. Алдымен бабалар рухына Құран бағышталып, қорым аумағын тазарту, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Беркінбай кәлпе үйтамы ауласына тал көшеттерін отырғызу рәсімі өтті.

МАРАТ АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ - АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Бүгінгі ата-бабалардың киелі орнына тағзым күніне байланысты Қызылорда облысының төңірегінде болып жатқан шараға соның бір шарасы есебінде Ақсу ауылының Беркінбай Қалпе кесенесінің басында көптеген жұмыстар жасалды. Аудан халқы Ақсу елінің жастары қызметке келіп осы жерден тазалық жұмыстарын жасап бір кісідей атсалысып кетті. Аудан әкімі өзінің бастамасымен келіп тілегін айтып кетті, сондықтан осындай істің алдағы уақытта да облыстың төңірегінде республиканың төңірегінде осындай жұмыстардың жиі болуына тілектеспіз. Барлығыңызға жақсылық тілейміз, аманшылық тілейміз.

 ЖҰМАҒАЗЫ ӘБЖАНОВ – МЫРЗАБАЙ АХУН АУЫЛЫНЫҢ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Мынау бүгін сенбілікке байланысты өтіп жатқан Мырзабай ахун бабамыздың мешітінің айналасын тазарту жұмыстары әктеу, сырлау деген сияқты, айналасына шыққан арамшөптерді шабу, шыққан талдарды отау сондай іс шара өткіздік бүгін. Бабаның орнына тағзым жасап, жылдағы өткізетін шарамыз. Жылда тазартып тұрамыз. Биыл да жалғасын тауып жатыр. Әлде де жалғасын таба береді.

Шараға ардагерлер, мекеме ұжымдары, кент және ауыл тұрғындары, сондай-ақ ерікті жастар белсенді атсалысты.

ӘУЕЗ ӘМІРБЕК - М.ШӘМЕНОВ АУЫЛЫНЫҢ ИМАМЫ

Алла тағала мынау өздеріңнің жерлеріңді тазартыңдар, өздеріңді тазартыңдар, рухтарыңды тазартыңдар деген сөзі бар. Жалпы тазалық – имандылықтың жартысы. Тарихи орындарымыз бар, әруақтарымыздың жатқан қорымдары бар. Жалпы осылардың барлығын тазартып өтетін болсақ, онда әруақтар риза. Ал сол әруақтардың разылығымен Алла өзімізге қайырлы береке нәсіп қылады дейді.

 Айта кетейік, аудан бойынша мемлекеттік тізімге енгізілген 62 тарихи ескерткіш бар. Оның ішінде 1-еуі республикалық, 55-і жергілікті маңызы бар, ал 6 нысан ерекше маңызды тарихи орындар санатына жатады.