#qyzylordatv
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінінің «Сейхун» спорт кешенінде белгілі ғалым, профессор Мұстафа Матаевты еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтті. Командалар футбол, үстел теннисі, шахмат, жүзу және арқан тарту бойынша сынға түсті.
Мұстафа Матайұлы Сыр елінен шыққан тұңғыш философ ғалым. Саналы ғұмырын ағарту саласына арнаған ұлағатты ұстаз университет қабырғасында жарты ғасырдан астам уақыт қызмет еткен. Талай шәкіртке білім мен тәлім берген оқытушы профессордың 200-ден астам мақаласы, 15 оқу-әдістемелік құралы жарық көрген.
БАҚЫТ ҚАЛИЕВ, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Біздің университетімздің 90 жылдық тарихында соның 60 жыл тарихы сол кісінің есімімен байланысты ол кісі кафедра меңгерушісі факультет деканы одан кейін мынау юрист қазіргі құқықтану мамандығының соның негізін қалаған біздің ардақты аға ұстаздарымыздың бірі. Соның қалыптасуына, кадрлер әлеуетінде жинақтауда ағай үлкен еңбек сіңірді. Бұл ағамыздың өмір жолы ғылым жолындағы өмірі ұстазы жолындағы өмір жолы мен ойлаймын жас ұрпаққа бізге үлгі-өнеге болады деп осы кісілердің өмір жолының арқасында жастар тәрбиеленеді.
ТЕМІРБЕК МАТАЕВ, М. МАТАЕВТЫҢ ІНІСІ
Мұстафа ағамыз осы мектепті Қазалыда алтын медальға бітіреді,одан кейін Казгуге оқуға барып түседі Алматыға Казгуді бітіргеннен кейін Қазалыға техникумға қызметке жіберіледі. Сол Қазалыда техникумнан Целхоз техникум уақытында ауыл шаруашылық техникум сонда 1-2 жыл қызмет жасайды...
Дәстүрлі спорттық сайыс осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Турнирге барлығы 14 команда қатысып, футбол, үстел теннисі, шахмат, жүзу және арқан тарту бойынша өзара бақ сынасты.
ЖАНДОС БАЗАРТАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ
Турнирдің мақсаты - университет пен осы саладағы әріптестермен байланысты нығайту,салауатты өмір салтын насихаттау. Мұстафа Матайұлы өте керемет шәкірт тәрбиелеуге еңбек еткен осы саланың дамытуда өзіндік үлкен бастамалар жасаған арнайы осы мамандық дамытуда жақсы жобалар өмірге алып келді.
Сайыс қорытындысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті мен төтенше жағдайлар департаменті үздік нәтиже көрсетіп, бірнеше спорт түрінен жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, облыстық полиция департаменті мен 55/47 әскери бөлімінің командалары жүлделі орындарға ие болды.