#qyzylordatv
Сальса мен хип-хоп, бачата мен танго. Мың бұралған би өнерімен өнер өлкесіне жаңа серпін әкелген ұжым бар. Ол - облыстық филармония жанынан құрылған «Ai-Aru» заманауи би ансамблі. Құрылғанына небәрі екі жыл толса да, талай биікті бағындырып үлгерген өнерлі топ ертең алғашқы жеке шығармашылық кешін өткізеді. Тілшіміз Назерке Бақытбек ансамбльдің тыныс-тіршілігімен танысып, соңғы дайындығына қатысып қайтты.
«Ай Ару» заманауи би ансамблінің бишілері соңғы дайындықты пысықтап жатыр.
НАЗЕРКЕ РАХМЕТУЛЛА – «АЙ АРУ» ЗАМАНАУИ БИ АНСАМБІЛІНІҢ МҮШЕСІ
29 сәуір халықаралық бишілер күні. соған орай алғашқы концертімізді өткізейін деп жатырмыз. Өте жоғары деңгейде болады. Қазіргі кезде соған жұмыс жасап жатырмыз.
Заманауи би тобы 20 бишіден тұрады. Өнерлі ұжым эстрада жұлдыздарының әндерін бимен көркемдеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүр.
ТАЛҒАТ БАЙКЕНОВ –ХОРЕОГРАФ
Осы екі жылдың ішінде Қызылорда обылсына қаншама әнші, әртістер келді. Оның ішінде облыс әншілері бар. Бүкіл әншілерді біз бимен көркемдейміз. Ол енді 50-60 тан асып кетті. Шынын айту керек, Қазақстанның кез-келген облысында заманауи би ансамблі жоқ. Бірең сараң қалада бар. Мысалы, Астанада бар, Қызылордада бар деген сияқты. Бұлда өзі өлкеміздің тек ғана экономикалық-әлеуметтік жағынан ғана емес, өнер жағынан да, оның ішінде өте күрделі хореграфия өнерінің даму деп білеміз.
Би өнері – тылсым сырға толы. Ырғаққа оралған әрбір қимылдың айтар ойын түсіну үлкен талғамды қажет етеді. Ертеңгі кеште өнерпаздар би қойылым арқылы көпшілікті баурап алуға барын салуда.
ЗАМИРА СТЫҚБАЕВА – «АЙ АРУ» ЗАМАНАУИ БИ АНСАМБІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
Концертіміздің тақырыбы «би - жнның сыры» деп аталады. Біз қимылмен жеткіземіз ғой. Адамның ішке дүниесін, сезімін би арқылы, қимыл арқылы жеткіземіз. Концерт жалпы заманауи бағытта өтеді. шығармашылық кешіне біз жалпы дайынбыз. Кастюмдеріміз де, постановкаларымызда. Көрермендерімізді осы концертте күтеміз.
«Ай Ару» заманауи би ансамбілінің алғашқы жеке шығармашылық концерті ертең сағат 19:00 де «Өнер орталығында» өтеді. Мың бұралған бишілер Сыр жұртышылығын жаңа қойылымдармен таңғалдырмақ.