#qyzylordatv
«Теннис» орталығында таеквондодан ересектер арасында Қазақстан Республикасы Кубогының І кезеңі жалауын көтерді. Байрақты бәсеке облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы мен «Amanat» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.
Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен келген 200-ден астам спортшы қатысуда. Ерлер және әйелдер 8 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтап, жүлделі орындарды сарапқа салады.
54 келі салмақта сынға түсіп жатқан Мағжан Отарғали Алматы облысынан келген. Былтыр ел кубогында екінші айналымнан аса алмаған ол биыл жүлдеден үмітті. Алғашқы екі жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Үш күнге жалғасқан таеквондодан ересектер арасындағы Қазақстан Кубогы бүгін аяқталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен арнайы медальдар табысталып, осы жарыс арқылы алда өтетін әлемдік деңгейдегі маңызды додаларға үздік спортшылар іріктелмек.